Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
487.02 552.23 6.51

Биыл тротуарларды жөндеуге басымдылық беріледі

1-04-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Дулатов, Байсеитов, Қабанбай батыр көшелерін және Бобровка кентін жаяу аралап, тротуарлардың жай-күйін қарады. 

Қазіргі таңда Семей қаласының тұрғындары тарапынан тротуарларды жөндеу бойынша көп ұсыныстар келіп түсуде. Қалада тротуарлардың басым бөлігі қанағаттандырарлық емес.

Осы жағдайды ескеріп, ағымдағы жылы қала әкімдігі жаяу жүргіншілер жолын жөндеуге басымдылық беріп отыр.

Биыл тротуар жолдарын жалпы жөндеу алаңы - 27000 м2 астам аумақты құрайды.

«Халық көп шоғырланған аудандарға басымдылық беру керек. Сондай-ақ, қаланың шеткері аумақтарының да тротуарларын жөндеу қажет. Балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударыңыздар»,- деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, биыл Семейде 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда толық тізім жасақталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив