Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде «Tanda.enbek.kz» порталында бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өтеді

3-04-2024, 12:17 Мадина Айдарова

Естеріңізге сала кетейік 2023 жылы қыркүйек айында Семей қаласы бойынша Tanda.enbek.kz порталында бос жұмыс орындарының алғашқы онлайн-жәрмеңкесі өтті. Бұл онлайн-жәрмеңкенің ерекшелігі қажетті сұранысқа ие мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылды. Онлайн жәрмеңкеге 17 жұмыс беруші мен 121 жұмыс іздеуші қатысты. Жұмыс берушілердіңөтінімдеріне сәйкес  Tanda.enbek.kz  порталында 117 бос жұмыс орны ұсынылды. 

Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесіне қатысуға шақырамын. 

Бос жұмыс орындарының онлайн жәрмеңкесінде сіз келесідей мүмкіндіктерді жүзеге асыра аласыз:


  • кәсіпорныңыз туралы, жұмыстың шарттары мен артықшылықтары, жұмысқа орналасу ерекшеліктері және бос жұмыс орындары туралы ақпарат көрсетілген кәсіпорынның виртуалды стендін орналастыру;
  • сіздің жеке кабинетіңізде сақталатын үміткерлерден түйіндеме алу;
  • нақты уақыт режимінде онлайн-чатта үміткерлермен диалог жүргізу;
  • тиісті үміткерлерді сұхбатқа шақыру немесе жеке кабинетте бейне-сұхбат жүргізу.

Онлайн-жәрмеңкеге қатысуға өтінім беру үшін сізге Enbek.kz порталында тіркелу және авторизациядан өту қажет. Ол үшін кәсіпорынның электрондық цифрлық қолтаңбасы қажет.

Онлайн-жәрмеңкеге еліміздің әр түкпіріндегі жұмыс іздеушілер қатыса алады. Сондай-ақ сіз жәрмеңкеге жұмыс орнында отырып қатыса аласыз. Жұмыс беруші ретінде кәсіпорныңыздың HR-брендін нығайтуға мүмкіндік аласыз. Жәрмеңкедегі кәсіпорындар туралы ақпарат БАҚ-та және ресми әлеуметтік желілерде жарияланады. Сонымен қатар онлайн-жәрмеңкеге қатысу тегін.

Бос жұмыс орындарының онлайн жәрмеңкесі – бұл сіздің кәсіпорныңыз туралы және қол жетімді жұмыс орындары туралы хабарлаудың тиімді мүмкіндігі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив