Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Абай облысында балабақша 13 тонна шай сатып алуды жоспарлаған

5-04-2024, 10:45 018.kz

Абай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында Ақсуат ауданының «Балдырған» балабақшасы 13 тонна шай сатып алуды жоспарлағанын анықтады.

Департаменттің араласуымен аталған көрсеткіш 13 тоннадан 19 килограмға дейін төмендетіліп, 57 млн теңгеге жуық сома үнемделді.

Сондай-ақ Аягөз ауданындағы №6 мектеп әрқайсысы 3 млн теңге тұратын 3 жуатын шаңсорғыш сатып алуды жоспарлаған. Алайда аталған құрылғының нарықтағы орташа бағасы 250-300 мың теңгеден аспайды. Енгізілген ұсыным нәтижесінде сатып алу сомасы 900 мың теңгеге дейін төмендетілді.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ұлан Сәдуақасов департаменттің І тоқсандағы жұмыс барысы бойынша берген брифингте атап өтті.

«Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай терезе арқылы мониторингтеу мәселесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер бізге айтарлықтай көмек көрсетеді. Олардың белсенділігінің арқасында жыл басынан бері 97 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Жалпы, І тоқсан қорытындысы бойынша үнемделген қаражат сомасы 347,4 млн теңгені құрады», - деді ол.

Абай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив