Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

«Ақсуат - Кіндікті» бағыты жөнге келе бастады

9-04-2024, 11:31 Сәтжан Қасымжанұлы

Наурыз айының соңғы тәуліктерінде Боғас өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақсуаттан Кіндікті ауылына апаратын көпірдің жолтөсемін қызылсу шайып кетіп, аудан орталығымен уақытша жол қатынасы үзілгені белгілі. 662 тұрғыны бар Кіндікті ауылы аудан орталығынан 120 шақырым қашықтықта орналасқанын ескерсек, жағдайды жедел ретке келтіру қажеттігі кезек күттірмейтін екендігі мәлім.

Сол себептен аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы «Зайсан-Құрылыс» компаниясының басшысы Болат Нұрасыловпен бірге құрылыс алаңында болып, мәселе жайын талқылап, істі бастағанды жөн көрді.

Қазір Кіндікті ауылына баратын жолдағы Боғас өзеніне уақытша өткел салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жол, көпір салу жұмыстарымен бұған дейін де айналысып жүрген компанияның техникалары сенімді. Яғни, мәселенің дер кезінде шешілуіне мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, Кіндіктіден Ақсуатқа, Ақсуаттан ауылға қатынаған тұрғындарды техникасымен өзеннен өткізіп жіберуге қол ұшын беріп жатқаны да қуантады.

Сондай-ақ Көкжыра-Серіктес ауылын байланыстырып тұрған көпірді жаңадан салу жұмыстары да қолға алынғанын айта кеткен жөн. Онымен «ПМК «Құрылыс» ЖШС айналысатын болады. Қазір аталған бағытта уақытша айналма жол салынды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив