Темірлан: «Мен үшін бұл ең алғашқы және ең ауыр басты рөл болып ойымда қалды»
Анықтама: Орашев Темірлан Оралбекұлы 29. 07. 2000 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Семей қаласындағы №23 мектептің түлегі. 2015 -2019 жылдар аралығында М. Төлебаев атындағы музыкалық учелищесін актер мамандығы бойынша, 2019-2023 жылдар аралығында Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық театр академиясын қуыршақ театры әртісі мамандығы бойынша бітірген.
Биыл атағы әлемге жайылған тұңғыш қазақ скрипкашысы, еуропалық стильдегі музыканың қазақ даласында қанат жаюына жол ашқан Әйткеш Толғанбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, Семейдегі Абай атындағы театрда белгілі қаламгер, ардагер журналист Дәулет Сейсенұлының «Маэстро» атты драма-реквиемі сахналанды. Көрермен көңілін толқытқан «Маэстроны» «Дариға-ай» жастар театрының әртістері жоғары деңгейде сомдады. Театр артистерінің ішінде басты жауапкершілік жас актер Темірлан Оралбекұлына түскені анық. Өйткені, ол осы қойылымның бас кейіпкері Әйткеш Толғанбаевтың ролін сомдады.
Тағдырында сан талай «тар жол, тайғақ кешулерді» бастан өткерген талант иесінің азапты өмірін жеткізу, оның қандай күрделі тұлға болғандығын бар болмысымен сезіну «Дариға-ай» жастар театрына келгеніне бір жылдан енді асқан Темірлан үшін қалай болды? Жас талант «018.KZ - ABAI AQPARAT» тілшісіне осы тұрғыдағы ойын, алған әсерін былайша бөлісті.