Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

«Халық қатысатын бюджет» жобасы

9-04-2024, 17:13 Думан Кенжеғазыұлы

Құрметті Семей қаласының тұрғындары!

«Халық қатысатын бюджет» жобасы (бұдан әрі – жоба) шеңберінде жобалық ұсыныстарға дауыс беру басталды. 2024 жылғы 5 - 24 сәуір аралығында өтеді, дауыс беруге қаланың барлық тұрғындары қатыса алады. Дауыс беруге 15 жоба қабылданды, тізбесі Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында «Халықтың қатысуы бюджеті 2024» бөлімінде орналастырылған.

Жобаның шарттары бойынша сайттың басты бетіндегі «Пайдалы сілтемелер» кіші бөліміндегі «Халық қатысатын бюджет 2024» бөлімінде қала әкімдігінің интернет-парақшасында, және де eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы бір адам, бір жобаға дауыс бере алады.

Егер дауыс беретін адам ХҚБ жобасының объектісі орналасқан ауданда тіркелген болса ғана жобаға дауыс беруге болады. Тексеру адамның тұрақты және уақытша тіркелуі бойынша жүзеге асырылады.

Семей қаласы әкімдігінің сайтында жобалық ұсынысқа дауыс беру үшін:

1. ЭЦҚ кілті арқылы Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында тіркелу керек.

2. «Халық қатысатын Бюджет 2024» бөліміне өту.

3. Жобалардың бірінің бетіндегі белсенді «Дауыс беру» түймесін басыңыз.

4. Алдыңғы кезеңдердің барлығын орындағаннан кейін сіздің дауысыңыз тіркеледі.

eGov Mobile мобильдік қосымша арқылы дауыс беру үшін:

1. eGov Mobile қосымшасына кіріңіз;

2. «Халықтың қатысу бюджеті» сервисіне өтіңіз;

3. Сіз 2 жолмен дауыс бере аласыз:

3.1 Жобалар тізімінің бетінде Сізге ұнаған жобадағы «ұнату» белгішесін басыңыз;

3.2 Жоба бетіне өтіп, «Дауыс беру» түймесін басыңыз.

50 тұрғыннан кем дауыс берілген жобалық ұсыныстар, іске асырылуға жіберілмейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив