Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы Соловьево ауылында су деңгейі түсуде

11-04-2024, 17:04 Мадина Айдарова

Еске сала кетсек, Соловьево ауылында түнгі уақытта су деңгейі көтеріліп, 24 үй аумағын су басу қаупі төнген. Оқиға орнына жедел облыс әкімі Ермек Көшербаев келіп, жағдаймен танысты.  Жағалауды бөгеу және еріген қар суын бұру жұмыстарымен айналысып жатқан мамандармен және тұрғындармен кездесті. Тұрғындар эвакуациялаудан бас тартып, уақытша туыстарының үйіне орналасты.

Екі күн қатарынан толассыз жауған жаңбыр себебінен көтерілген су деңгейі қазірде 10-15 см. төмендеді. Оқиға орнында жергілікті атқарушы орган, ТЖ мамандары кезекшілік ұйымдастырып, полиция бекеті жұмыс жасап тұр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив