Бесқарағай ауданының ауылдарында су құбыры инфрақұрылымын кеңейту жүргізілуде
Қазіргі уақытта Бесқарағай ауданында су желілерімен жабдықтау бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Ауданға қарасты Бөдене ауылында сәуір айының екінші онкүндігінде сумен жабдықтау желілері мен су тарту құрылыстарын салу бойынша жұмыстар жоспарлануда. Жоспар аясында барлық құдықтар, су мұнарасы мен электр жарығы, сорғы станциялары мен бақылау-өткізу пункттері салынады. Қақпалар орнатылып, сондай-ақ сумен жабдықтау жүйесін қысым және су желілерін шаю жүйесі орындалады. Сонымен қатар, сорғы станциясының аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
Ерназар ауылында сумен жабдықтау желілері мен су тарту құрылыстарын салу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта абаттандыру жұмыстары аяқталуда, сумен жабдықтау жүйесіне қысым және су желілерін шаю жүйесі жұмыстары жүргізілуде.
Жетіжар ауылында қазіргі уақытта резервуарлардың қабырғаларын құю жұмыстары жүргізілді, 10 кВ электр желісі қосылды, қоршаулар орнатылды, екі станцияда БӨП құрылысы жүріп жатыр. Жоба белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
Анықтама: Бесқарағай ауданында 17 мыңнан астам адам тұрады, оның ішінде халықтың 90%-ы таза ауыз суға қол жеткізіп отыр.