Жүк жөнелтушілерді уақтылы хабардар ету үшін Е-Telegram қосымшасы әзірленді
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк жөнелтушілеріне ыңғайлы болу үшін «Транстелеком» АҚ-мен бірлесіп жеделхаттармен жедел алмасу үшін (жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды регламенттейтін ақпарат) - Е-Telegram Business веб-қосымшасын әзірледі.
Қазіргі уақытта жаңа қызмет пилоттық режимде сынақтан өтуде. Жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, экспедиторлар және вагон иелері Е-telegram-да тіркеуден өтеді және онлайн форматта хабарлама алады. Жүйе арқылы станциялардағы және жүру жолдарындағы жүк операциялары туралы, жүктің келуі туралы, жүк операцияларына вагондардың берілуі туралы хабарламалар және басқа да ақпарат келіп түсетін болады.
Сервис хабарлама алу үдерістерін жеделдетуге және сол арқылы жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. E-Telegram Business сенімді ақпарат көзі болады. Қосымшада ыңғайлы навигация бар. Қаралған құжаттардың тарихы сақталады.
Ағымдағы жылдың наурыз айында жобаны әзірлеушілер қызметтерді пайдаланушылардың барлық қажеттіліктерін ескере отырып, Бағдарламалық өнімді іске асырудың және кезең-кезеңімен енгізудің жол картасын бекітеді.