Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.17 550.06 4.93

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жарма ауданында «Киелі мекен» апталығы басталды

17-04-2024, 20:21 Мадина Айдарова

Аудан орталығы Қалбатау ауылында ескерткіштердің аумағын тазарту, сондай-ақ бірқатар сәулет нысандарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

Нұрқасым Садықов атындағы саябақтың «Даңқ» аллеясының аумағында, Зере ана, Қалихан Алтынбаев, Тұрсынхан Әбдірахманова ескерткіштерінің жанында жұмыстар жасалды. Сондай-ақ жазушы Әзілхан Нұршайықовқа арналған скверде тазалық жұмыстары жүргізілді.

400 жуық тұрғын қатысқан акцияға ауыл тұрғындары, мекемелер, ұйым қызметкерлері, аға буын өкілдері белсене атсалысты. Жалпы 16 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы тазартылды.

- Әрбір ескерткіштің тарихи, тәрбиелік және танымдық маңызы бар. Өскелең ұрпақ біздің өткеніміз бен атақты жерлестеріміз туралы білетін болады. Олар біздің тарихымызға құрметпен қарайды. Сондықтан біз мүмкіндігінше апталыққа қатысуды шештік, - дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Есполов.
- Тазалау науқаны басталғаннан бері жастар, еріктілер сенбіліктерге үнемі қатысып, ауылдың тазалығы мен абаттандырылуына өз үлестерін қосуда. Бүгін біз өзімізге бекітілген «Домбыра» шағын алаңы мен ескерткішінің аумағын тазалап, қалыпқа келтірдік, - деді аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Нұржан Зайырбеков.   

Алдағы күндері жастар Жәнібек батыр ескерткішінің айналасында тазалау, абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.

Жарма ауданы бойынша Ұлы Отан соғысы жылдарында елді қорғаған жауынгерлерге арналған 38 мемориалдық кешен, ескерткіштер бар.

«Киелі мекен» апталығы аясында барлық ескерткіштердің аумақтары тазаланып, жөнделіп, ретке келтірілетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив