Алматы облысының өрт сөндірушілері құрғақ шөп өртімен күресуде
ТЖД күштерімен космомониторинг деректері бойынша «Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты» РММ аумағында сазды жерлерде қураған қамыстың жануы анықталды. Өрттің алдын ала ауданы 18 га құрайды. Жақын маңда орналасқан Қараой ауылына қауіп жоқ.
Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді. Ең жақын орналасқан өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 240 км құрайды.
Өрт Қараөзек өзенінің маңында кішігірім алаңдарда орын алғаны анықталды. Өрт ошақтары мотопомпаның көмегімен сөндірілуде, қол жетімді алаңдарда қаққыштар мен аспалы орман өрт сөндіргіштер қолданылуда. Сондай-ақ, табиғи өртті жою үшін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы әуеден 53 рет 159 тонна су төкті.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, ЖАО және жергілікті тұрғындарды қосқанда 40-қа жуық адам және 10-нан астам техника жұмылдырылды.
Өртті сөндіру жұмыстарц жалғасуда.