Семей барлаушылары кешенді тексеруден өтті
Абай гарнизонының 44736 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы барлау топтарының әскери қызметшілері Қарулы күштердің Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының кешенді тексерісінен өтті.
Абай өңірлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіргеннен кейін барлау топтарының жеке құрамы жауынгерлік міндеттерді орындау ауданына жорық жасады.
Әскери қызметшілер тактикалық-арнайы, инженерлік, әскери-медициналық, мина-жарылғыш заттарды пайдалану іс-әрекеттер бойынша жеке сынақтарды, байланыс және әскери топография құралдары бойынша нормативтерді тапсырды.
Комиссияның басты назары бөлімшелерді басқару жұмысына, жауды мұқият барлауға, жасырын қозғалысқа, жергілікті жерде камуфляжға, диверсиялық-барлау іс-қимылдарын жүргізуге, рейд пен армиялық тактикалық ату жаттығуларын орындауға аударылды.
Айта кету керек, арнайы мақсаттағы барлау топтары күрделі ауа-райының қолайсыздығына қарамастан оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындады.