Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Экология мәдениеті: «Жасыл аймақ» апталығы Абай облысының Ақсуат ауданында

22-04-2024, 15:00 Мадина Айдарова

Экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан тұрғындары көшелерді тазалауды қолға алып, Қабанбай батыр ескерткішінің аумағын тазартты.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, халықтың табиғатқа ұқыпты қарауы мақсатында Қабанбай батыр ескерткіші тұрған саябақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ескерткіштерді қалпына келтіру, жуу, шөп шабу, қалдықтарды жинау, сондай-ақ тарихи-мәдени нысандарға іргелес аумақты тазарту ұйымдастырылды.

Акция барысында 686-ден астам азамат, белсенділер мен еріктілер бірлескен күш-жігермен 256 000 шаршы метрге жуық тазартылды.

Бұдан басқа, Сәтбаев ауылында ұзындығы 1,4 км жолды орташа жөндеу жоспарланған.

Сәтбаев ауылының тұрғыны Бағлан Қабышев атап өткендей, барлық ауыл тұрғындары жолды жөнделгеніне қуанышты.

— Жол ұзақ уақыт бойы жөндеуді қажет етті, сондықтан жөндеу басталатыны туралы хабарды бәріміз қуанышпен және ризашылықпен қарсы алдық. Алдағы уақытта жөндеу жұмыстары жалғасады және біздің ауылға апаратын жол тегіс болады деп үміттенеміз, - деді Бағлан Қабышев.

Ақсуат ауданының «Amanat» партиясы филиалының төрағасы Ержан Құттыбаев жолдарды жөндеу, сондай-ақ елді мекендерді тәртіпке келтіру партия бағдарламасын үдемелі іске асыру екенін атап өтті.

— Сәтбаев ауылына дейінгі жолды жөндеудің арқасында енді халыққа жеке көлікпен ғана емес, арнайы машиналармен де жету оңай болады. Сонымен қатар, аудан халқының барлығы дерлік «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады. Бұл бәріміз үшін де өте маңызды, өйткені бұл біздің көшелерімізді ұқыпты етіп қана қоймай, бәрімізді біріктіреді, - деп атап өтті Ержан Құттыбаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив