Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.02 536.18 5.54

«Семей» ФК «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

27-04-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Орталық саябақта 30-дан астам шырша көшеттері отырғызылды. Спортшылар семейліктерді қаланы көгалдандыруға шақырды.

Команда қатысушылары акцияға қатысу арқылы болашақ ұрпаққа үлгі көрсетуге болады деп санайды. Өйткені, тазалық – өзімізден басталады. 

«Табиғатқа қамқорлық – болашақ ұрпақ үшін. Және әрқайсымыз мамандығымызға немесе мәртебемізге қарамастан, осы маңызды жұмысқа өз үлесімізді қосуымыз керек. Әрбір отырғызылған көшет табиғатты сақтау үшін қажет. Сонымен қатар, үлкен өзгерістерге шағын қадам», - деді команда капитаны Шыңғыс Есенаманов.

Естеріңізге сала кетейік, акцияның мақсаты – өңірлердің экологиясын жақсарту ісінде ел халқын біріктіру.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив