«Таза Қазақстан» акциясы аясында облыс оқушылары мен студенттері көшет отырғызуға атсалысты
Іс-шараға 300-ге жуық оқушы, 60 ата-ана және мектепте көп жыл бойы жұмыс істеген зейнеткер мұғалімдер игі шараға үлестерін қосты. Акция аясында 100 түп тал, қалыптасқан дәстүр бойынша «Түлектер аллеясына» шырша көшеттері отырғызылды.
Биылғы түлектер пирамидалық теректің 30 көшетін екті. Сондай-ақ мектеп ауласы тал мен шие бұталарымен безендірілді. Оқушылар Әлихан Бөкейхан мешіті айналасына 10 шақты тал отырғызып, сауапты іске үлестерін қосты.
Оқушылар мен аға буын өкілдерінің бірлескен жұмысы мектеп пен облыс аумағын абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзіАбай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда