Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.1 583.64 6.5

Қарулы күштерде қысқы президенттік үшсайыстың қорытындысы шығарылды

27-02-2023, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Өскеменде Қарулы күштердің XX қысқы спартакиадасы аясында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы президенттік үшсайыстан жарыстар аяқталды. 

Жарыс Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығы мен қалалық шаңғы базасында өтті.  Оған «Астана», «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, әскери институттар мен колледждердің, Қарулы күштердің басқа да бөлімшелерінің, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның күштік құрылымдарынан командалар құрамында барлығы жүзден астам спортшы қатысты.

Әскери қызметшілер пневматикалық мылтықтан оқ атудан, шаңғы жарысынан және күштік жаттығулар жасаудан бағын сынады. Ерлер белтемірге тартылып, әйелдер пресс жасады. Жарыс жас санаттарына қарай өткізілді. 

Президенттік үшсайыс қорытындысы бойынша «Шығыс» ӨңҚ командасы жеңіске жетті. Ал 32039 әскери бөлімі күміс жүлдені иеленді. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамасы болса қола жүлдегер атанды. Жеке біріншіліктегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив