Шалқар Байбековтің төрағалымен зиянкес жәндіктерге қарсы үйлестіру кеңесі өтті
Бүгін Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Заманбекұлы Байбековтің төрағалығымен аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі штаб отырысы өтті.
Отырысқа Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, ҚР АШМ Абай облысы бойынша АӨК МИК аумақтық инспекциясының басшысы, «Абай облысының «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ филиалының басшысы, Абай облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушысы қатысты.
Абай облысының «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ филиалының деректері бойынша ағымдағы жылы облыс бойынша үйірлі емес шегірткеге қарсы өңдеудің болжамды алаңы 18,2 мың га, Азия шегірткесі және Италия шегірткесі бойынша - 59,2 мың га (Азиялық шегіртке – 18,6 мың га, Итальяндық шегіртке – 40,6 мың га) құрайды.
Үйірлі емес шегірткелермен күресу үшін жергілікті бюджеттен алдын ала 90,3 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу порталында конкурс өткізілуде, өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімі 15 мамыр, ағымдағы жылдың 1 маусымына қарай үйірлі емес шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу бойынша қызметтер көрсету бойынша өнім жеткізуші айқындалады.
Сонымен қатар, кеңес барысында облыс аумағында шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау іс-шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ олардың іргелес аумақтарға көшуіне жол бермеу мақсатында өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша мүдделі органдарға штаб төрағасы Ш.З. Байбековпен шегіртке зиянкестерінің таралуын болдырмау жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.