Апатты үйдің тұрғындарына қала әкімі пәтер кілттерін табыстады
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Кожкомбинат көшесі, 13/4 мекенжайындағы ресми түрде апатты деп танылған үй тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті. Ғимараттың физикалық тозуы 70% құрайды.
Қыс мезгілінде қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Кожкомбинат көшесі 13/4 мекенжайында болып, тұрғын үй тұрғындарымен кездесті. Көшпелі кеңес барысында апатты үйде әлі де тұрғындар бар екені анықталды. Үйдің қабырғалары құлап кетуі мүмкін, бұл тұрғындардың өміріне өте қауіпті. Үйдің қабырғалары құлаған, тұрғындар өміріне өте қауіпті. Қала әкімі ТЖБ өкілдерінің қатысуымен жедел кеңес өткізіп, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысына реновация жұмыстарын жеделдетуді және тұрғындарды көшіруді тапсырған болатын.
Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары жасаған тұрғын үй туралы актілерге сәйкес апатты үйде 8 отбасы тұратыны анықталды. Бүгін қала әкімі жоғарыда аталған 8 отбасына пәтер кілтін табыстады.
Пәтер беруде екі критерий ескерілді: 1. Пәтер иесінің тұрғын үй кезегінде болуы 2. Авариялық үйде тұру фактісі.