Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

«Елімай» футбол клубының жанкүйерлеріне тиесілі арнайы карта болады

28-02-2023, 14:27 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының Alikhan Bokeikhan University-де «Елімай» футбол клубы мен Jusan Bank-тің бірлескен отырысы өтті.

Шараға Абай облысы футбол федерациясының президенті Виталий Каган, Абай облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ержан Естаев, «Jusan Bank» АҚ өңірлік филиалының басшысы Әділет Оралбеков және БАҚ өкілдері мен клуб жанкүйерлері қатысты.

Жиын барысында Абай облысы футбол федерациясының жаңа президенті Виталий Каган таныстырылды. Ол Федерациясының алдағы жоспарларымен бөлісіп, Абай облысында футболды дамыту бойынша нақты шаралар қолға алынатынын атап өтті. 

«Біз өңірде футболды дамыту бойынша кешенді жоспар әзірледік. Оның ішінде Абай облысынан манеждар мен стадион салуды көздеп отырмыз»,- деді ол.

Сондай-ақ, жиында «Елімай» футбол клубы жанкүйерлеріне тиесілі арнайы карта болатыны туралы айтылды. 

«Біз бала кезден «Елімай» клубының ойынын көріп өстік. Араға 25 жыл салып қайта құрылған клубқа қолдау көрсетуді құп көріп отырмыз. Енді жанкүйерлерге арналған арнайы карта болады. Онда бірқатар серіктестер арқылы жанкүйерлерге жеңілдіктер қарастырылады»,- дейді «Jusan Bank» АҚ өңірлік филиалының директоры Әділет Оралбеков.

Сонымен қатар, «Abay IT Valley» технологиялық класстері «Елімай» футбол клубының бірқатар цифрлық жобаларын құрастырып жатқанын мәлімдеді. Оның қатарында «elim i» мобильді қосымшасы, 3D визуал жобасы, Elimai: Football Fever ойыны және тағы басқа бар. 

Жиын соңында «Qazaq Astyq Group» ЖШС  бас директоры Еркінбек Досқожанов «Елімай» футбол клубының ресми демеушісі болуға ниет білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив