Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Сауда және интеграция министрлігі: Шикізаттық емес тауарлар экспортының географиясы 135 елге дейін кеңейді

22-05-2024, 09:21 Мадина Айдарова

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев отандық шикізаттық емес өнімдерді экспорттаушыларды қолдау шаралары туралы баяндады.

Министрдің мәлімдеуінше, 2023 жылдың қорытындысына сәйкес шикізаттық емес экспорт бойынша мақсатты көрсеткішке қол жеткізілді. Шикізаттық емес тауарлардың экспорттық позицияларының саны 278-ге өсті. 2019 жылдан бері тұрақты белсенді экспорттаушылар саны 300 компанияға, 460-тан 760-қа дейін өсті.

«Экспорт географиясы 135 елге дейін кеңейді, Азия елдеріне дайын өнімді жеткізу артты: Қытайға – 8%, Оңтүстік Кореяға – 26%, Вьетнамға – 46%. Көрсетілетін қызметтер экспортының 29%-ға өсуі кезінде, мыс, ферроқорытпалар, мырыш, күміс, мұнай өнімдері сияқты өнеркәсіптік тауарлар бойынша жеткізулердің төмендеуі байқалады. Жеткізудің төмендеуі әлемдік бағаның құбылмалылығы, сұраныстың төмендеуі және мақсатты нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі сияқты сыртқы факторларға байланысты», — деді ол. 

Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешені бойынша өңделген өнімдер жеткізудің нақты көлемі: атап айтқанда, ұн 1,1%-ға, күнбағыс майы 55,5%-дан астам, сусындар 42,8%-ға өсті. Азық-түлік экспорты ерекше маңызды, өйткені азық-түлік экспорттаушылардың 80%-ы шағын және орта бизнес субъектілері. Сондай-ақ жылдам айналым және шағын инвестициялар тамақ өнеркәсібін капиталды көп қажет ететін өндірістермен салыстырғанда тиімдірек етеді.

 2029 жылға қарай экспортты ұлғайтудың  $45 млрд көрсеткішіне қол жеткізу үшін келесі негізгі бағыттар анықталды. Ең алдымен, орта мерзімді перспективада Қытайға жіберілетін дайын өнім экспортын 2,5 есеге кеңейту және $12,5 млрд-қа дейін жеткізу мақсаты қойылды.

ҚХР-мен жұмыс істеудің негізгі бағыты – аймақтандыру принципі бойынша әр провинциямен тікелей жұмыс жүргізу. Қазір Цзянсу, Сычуань, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы провинцияларымен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. 

ЕАЭО және Орталық Азия елдерімен тауар айналымын арттыру бойынша күшейтілген жұмыс жалғасады, шекара маңындағы сауданың қажетті инфрақұрылымы құрылады.

Таяу Шығыс елдерінде сұранысы жоғары тоңазытылған қой еті, құс еті және субөнімдер сияқты жоғары маржалық тауарларды жеткізу көлемін арттыру мәселесі пысықталып жатыр.

«Біз үшін қазақстандық азық-түлік және органикалық өнімдерді сатып алуға, сондай-ақ экспортқа бағдарланған жобаларды іске асыру бағытында жұмыс істеуге дайын Еуропалық Одақтың нарықтары да басым бағыт болып саналады. Бұл ретте, бұл нарықтар жоғары бәсекеге қабілетті болып табылады. Бұл елдердің азық-түлік тауарлары бойынша жиынтық импорты $422 млрд-ты құрайды, ондағы қазақстандық өнімнің үлесі небәрі 0,5%-ды құрады», — деп мәлімдеді министр. 

Оның айтуынша, бұл жерде экспортты экспортты СЭҚ ірі қатысушыларының шектеулі саны жүзеге асыратынын, қалғандары жеткізулердің тұрақтылығын, атап айтқанда көлемін, сапасын, тиісті сатылым алдындағы қаптамасын қамтамасыз ете алмайтынын атап өту маңызды.

Осыған байланысты, экспортты ұлғайту үшін қазақстандық экспорттаушыларды басым нарықтарға шығару үшін дайындау қажет.

«Біз “QazTrade” АҚ базасында тауашалық сауда ағындарын құрылымдайтын кәсіби нарық қатысушыларымен бірлесіп сауда акселераторын іске қосамыз. Бұған экспорттық өнімнің кепілдік берілген көлемін форвардтық сатып алуға аванстық төлемдерді көздейтін өнімді жеткізуге ұзақмерзімді келісімшарттар жасасу көзделетін болады. Тиімді енгізу үшін Сауда министрлігінің даму институттарын тарта отырып, ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыратын болады», — деді Арман Шаққалиев. 

Ағымдағы жағдайды ескере отырып, бюджеттен тыс қорландыруды «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құралдарымен, оның ішінде жаңадан құрылған ЭКА-мен пайдалану ұсынылады.

Осылайша, бизнесті ынталандыру және белсенді экспорттаушылар санын арттыру үшін ішкі және сыртқы шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету инфрақұрылымын қалыптастырдық.

Алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі бойынша ағымдағы жылы бизнес субъектілеріне экспорттық циклдің барлық кезеңдерінде сақтандыру және қаржылық қолдау шараларының спектрін ұсынатын Экспорттық-кредиттік агенттік құрылды. Экспорттық ағындардың сыртқы факторларға тәуелділігін төмендету үшін қаржылық шаралар тереңдетілген қайта өңдеу тауарларын қолдауға бағытталатын болады.

«QazTrade» институтының базасында жыл сайын төрт жүз елуден астам компания қолданатын сервистік шаралар шоғырланған. Соңғы үш жылда экспорттың өсуі тек өсімдік майлары мен майлары бойынша – 2,2 есені, тыңайтқыштар бойынша – 1,7 есені, қой еті бойынша – 4,4 есені құрады.

«Бірақ біздің есептеулерімізге сәйкес экспортты қолдауға жұмсалған бір теңге экспорттық түсім бойынша 500 теңгені құрайды. Бұл ретте сервистік тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қолдаудың орташа жылдық көлемі шамамен 2,3 млрд теңгені немесе шикізаттық емес экспорт көлемінің 0,02%-ды құрайды. Ал экономикасы ұқсас елдер бойынша орташа көрсеткіш 0,11%-ды құрайды. Сыртқы контурда отандық өнімнің танымалдығын арттыру – басым міндет», — деп атап өтті спикер.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы айдың басында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (Үрімші қаласы) «QazTrade» сауда өкілдігі тіркелген. Араб Әмірліктерінде ЭКСПО Дубай ұлттық павильонының аумағында «Qazaq Trade House» жұмыс істей бастады.

Сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Қытайдың Үрімші және Шанхай қалаларындағы екі ірі көрмесіне қатысуы жоспарланған. Экспортты ұлғайту үшін әлемдік бағыттардың трансформациялануын ескере отырып, логистикалық шығындарды оңтайландыру және оның тиімділігін арттыру арқылы отандық бизнес үшін бәсекеге қабілетті жағдайлар жасау маңызды. Мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп экспорттық әлеуетті дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді.

Өңделген өнімге, оның маусымдылығына назар аудара отырып, экспорттық тауарларды тасымалдау әдістемесі әзірленді және ұлттық теміржол операторының қарауына берілді.

«Қазақстандық өнімді тасымалдау құнын төмендету мақсатында қолдау алу процесін жеделдетуге мүмкіндік беретін экспорттық тауарға, бағытқа және бағдарға басымдық бере отырып, «жөнелтілді, төленді» қағидаты бойынша шығыстарды өтеу құралын қолдану тәсілі қайта қаралуда. Ел экономикасы үшін экспорттық кірістің драйверлерінің бірі қызмет көрсету секторы болып табылады. Өткен жылы қызмет көрсету экспортының көлемі $10,3 млрд-ты құрады.  Нәтижесінде экспортқа бағдарланған 320 сервистік компаниялардың паспорттарын, тізілімін жасадық», — деді министр.

Саланың артықшылығы – қазақстандық көрсетілетін қызметтерді шекарадан өткізбей-ақ экспорттау. Ақпараттық технология, мұнай сервисі, медициналық көрсетілетін қызметтерге басымдық беріледі.

Негізгі қолдау шаралары бизнестің қызметтерді маркетингтік ілгерілетуге, халықаралық сертификат алуға, сондай-ақ құқықтық және техникалық сүйемелдеуге жұмсаған шығындарын өтеу болады.

«Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, агроөнеркәсіп кешен тауарларына, оның ішінде: май өнімдері, кондитерлік өнімдер, сусындар, қой еті және мал азығы сияқты тауарларға назар аудара отырып, шикізаттық емес экспорттың көлемін ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыратынымызды атап өтемін. Терең өңделген тауарларды қолдауға баса назар аудара отырып, экспорттаушыларды қолдау бойынша тәсілдер құрылымдалатын болады», — деп түйіндеді сөзін Арман Шаққалиев. 

Аталған шараларды іске асыру белсенді экспорттаушылар санын 120 компанияға көбейтуге және ағымдағы жылы шикізаттық емес тауарлар экспортының 6%ға өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив