Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Абай облысының бес мұғалімі «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды

25-05-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыстың барлық мектебінде «Мектебім, саған мың алғыс!» мектеп бітіруші түлектерге арналған іс-шара өтті. Мерекелік шарада облыс бойынша «Үздік мұғалім» атағын иеленген 5 ұстазға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгісі табысталды.

Бородулиха ауданынан М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Әсел Ықыласова,
Камышенка орта мектебінің көркемсурет пәні мұғалімі - Галина Сафронова,
Н.Островский атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі - Саят Бодомбаев,
Семей қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия мұғалімі - Қуат Оразалин,
Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі - Жанар Дурмекбаева.

Марапатты Білім бөлімі басшылары мектеп бітірушілерге арналған соңғы қоңырау жиынында табыстады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив