Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Долон ауылындағы 2 отбасына жаңа баспана кілті табысталды

30-05-2024, 09:00 Мадина Айдарова

Долон ауылдық округінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекте тұрған екі отбасына жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде тапсырылды.

Салтанатты шарада ауылдық округ әкімі Талғат Құмаров халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету - мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Бүгін біз көпбалалы отбасыларды жаңа үйге қоныстандырып, қуаныштарына ортақтасудамыз. Жаңа шаңырақ жақсылық келеді деп сенемін. Қоныс құтты болсын!», - деді әкім.

Айта кету керек, Бесқарағай ауданында соңғы жылдары көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал тобы өкілдеріне 142 пәтер берілген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив