Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.23 534.96 5.16

Үржар ауданында Халықаралық балалар күні атап өтілді

1-06-2024, 20:03 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Үржар ауылының Балалар саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті. Шараның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбеков қатысып, ата-аналар мен балаларды аудан басшылығы атынан мерекемен құттықтады. 

Мереке аясында саябақтағы субұрқақ іске қосылды. Білім бөлімінің ұйымдастыруымен балалар арасында Отан, отбасы, бейбітшілік тақырыбында сурет байқаулары мен көңілді эстафеталық спорттық жарыстар өтті. Жарысқа қатысқан балаларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. 

Аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының ұйымдастыруымен болған концерттік бағдарлама саябаққа келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив