Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.93 541.64 5.71

Көкпектіде ту көтеру рәсімі өтті

4-06-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

4 маусым Қазақстан Республикасының рәміздері күніне орай Көкпекті ауданының аудан орталығы Көкпекті ауылының «Ұлы дала елі» алаңында «Ту көтеру» рәсімі өткізілді.

Шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Қапарұлы Теміржанов, ардагерлер кеңесімен қоғамдық кеңес өкілдері  және 400-ден астам аудан тұрғыны бір мезетте Қазақстан Республикасының әнұранын шырқады.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Қапарұлы Теміржанов көкпектіліктерді Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, мемлекеттік рәміздерімізге құрметпен қарауға шақырды. 

Мерекелік шара аудан жастарының дәстүрлі «Толағай жастары» акциясымен жалғасуда. Акция аясында аудан жастары биіктігі 1 км құрайтын Толағай тауының басына шығып, мемлекеттік Туды тігетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив