AMANAT: САЙЛАУ – ЕЛДІ БӨЛЕТІН ЕМЕС, БІРІКТІРЕТІН НАУҚАН
Абай атындағы кітапхана ғимаратында барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттарды сайлау жұмысы бойынша «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының жиыны өтті.
Отырыста 19 наурыз күні сайлауға түсетін барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттар және VII шақырылған депутаттар, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы және «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының басшысы, партия филиалының жауапты қызметкерлері бас қосты.
Сайлау жұмысы бойынша жиынды «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменов ашты.
Күн тәртібінде бірқатар мәселелер талқыланды. Отырыс жұмысында партияның жаңа мүшелерін қабылдау және сайлау алдындағы даярлау бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындылары бойынша аудандардың атқару хатшыларының есебі тыңдалды.
Сайлау жұмысы бойынша отырыста облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Думанғазы Арғынғазин кандидаттың сайлауалды бағдарламасы, құрылымы және бір мандатты округтер бойынша «AMANAT» партиясынан кандидаттардың шағын штабтарының функционалы туралы атап өтті.
Бірмандатты үгіт-насихат жұмыстары туралы «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясы инспекторы Майра Құржықаева, белсенділердің жұмысын ұйымдастыру бойынша «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» Жастар Қанатының төрағасы Темірлан Бақтияров тоқталды.
Абай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.