Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында көшелер жарықтандырылды

13-06-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

«Ауыл – ел бесігі» республикалық бағдарламасы аясында Жаңасемей ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Достық ауылдық округінің Шақамен ауылындағы Қалибек Ахметов көшесіне 57 жарықтандыру бағанасы орнатылды.

Сондай-ақ, Жиенәлі ауылдық округінің Бөкенші ауылындағы кіре беріс тас жол мен 7 көшені жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Жарықтандырылған көшелердің жалпы ұзындығы 3 шақырымнан асады. 96 жарық бағанасы орнатылды.

Сонымен қатар, Шаған ауылының кіреберіс тас жолы мен төрт көшесінде жарық пайда болды. Шақаман, Бөкенші ауылдары мен Шаған кентіндегі көшелерді жарықтандыру жұмыстары аяқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив