Қала әкімі Шаған кенті мен Жиенәлі ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаз маусымында атқарылған жұмыстарды қорытындылау үшін Шаған кенті мен Жиенәлі ауылына барып, ауыл тұрғындарымен кездесті.
Қазіргі таңда ауылдық округтерде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.
Шаған кентінде биыл ауқымды жұмыстар атқарылды. Өз кезегінде кент тұрғындары қала әкіміне атқарылған жұмыстар үшін өз ризашылығын жеткізді.
Шаған кентіндегі ең өзекті мәселе - жайылымдық жерлердің тапшылығы. Осы мәселені шешу үшін Семей қаласының әкімдігі бос жатқан жерлерді тұрғындардың иелігіне беру жұмыстарын жүргізуде. Шаған кентіне шамамен 11,2 мың гектар жайлымдық жер жетіспегендіктен, Жиенәлі ауылдық округінің Дегелең учаскесінен 5,0 мың гектар жайылымдық жер пайдалануға берілді. Сонымен қатар, елді мекеннің жері ретінде трассаның оң жағында шамамен 300 гектар жер Бесқарағай ауданының резервінен қосылады.
Шаған кентіндегі жұмыс сапарынан кейін Нұрбол Нұрсағатов Жиенәлі ауылдық округіндегі Бөкенші ауылына барды. Ағымдағы жылы Бөкенші ауылының шетінде қар ұстағыш қоршау орнату жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Бөкенші ауылының орталық көшесінде ауыл тұрғындарының спортпен шұғылдануы үшін тренажер воркауты қолданысқа берілді. Қазіргі таңда воркаут алаңынын құрылыс жұмыстары аяқталуда.
Округтің орталығындағы Орталық саябағына жазғы маусымға көше сахнасы орнатылды. Сонымен қатар, Бөкенші және Маралды ауылдарының жылбойғы санитарлық тазалығына қалалық бюджеттен 3 млн. теңге қаржы қарастырылды. Қазіргі таңда ауыл сыртындағы құрылыс қалдықтары тазартылды.