Білім беру мен медицинаны дамытамыз - Қуаныш Қасенов
«AMANAT» партиясынан Абай облыстық мәслихатына № 5 мандаттық округі бойынша депутаттыққа кандидат Қуаныш Қасенов Абай облысының аумағында қосымша білім беру мекемелерін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.
Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін арттыру үшін мүмкіндіктер қарастырып, спорт секциялары мен түрлі өнер орталықтарын ашу және дамытуды қолға алуды жоспарлап отыр. Үміткер спортты жаппай дамытуға, жан-жақты насихаттауға ықпал етуге уәде береді.
Қуаныш Қасенов жұмыссыздарды ақылы негізде қоғамдық жұмыстарға тартумен және лайықты жалақымен қамтамасыз етумен, сондай-ақ әлеуметтік және арнайы жұмыс орындарын ұйымдастырумен, халықтың жұмыспен қамтылмаған бөлігі үшін кәсіптік даярлау практикасын кеңейтумен айналысуға ниетті.
Депутаттыққа кандидат облыста медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруды, жедел жәрдем жұмысын ауылдық жерлерде жақсартуды, мемлекеттік емес медициналық ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін кеңейтуді жоспарлауда.
Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен ерекше аймақта тұратын халықты профилактикалық тексеруден өткізу жөніндегі жұмысты жандандыруды талап етуге ниетті. Сондай-ақ, жоспарда материалдық-техникалық базаны жаңарту, елді-мекендердегі медициналық пункттерге сапалы қызмет көрсету үшін жағдайлар жасау, Абай облысының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспарының іс-шараларын іске асыруды бақылауды көздеп отыр.
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.