Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Сейілбек Ысқақов Абай облысының дін істер басқармасының басшысы болып тағайындалды

14-06-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Ысқақов Сейілбек Әбиұрұлы 1963 жылы 26 мамырда Семей облысы Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында дүниеге келген. Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын «Ветеринария» мамандығы, Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Семей облысы Шұбартау ауданы Бидайық ауылының «Сарықамыс» қой шаруашылығының веттехникасы ретінде бастады. 1987-1988 жылдары Семей облысы Шұбартау ауданы «Сарықамыс» қой шаруашылығы фермасының меңгерушісі қызметін, 1988-1994 жылдары дәл сол шаруашылықта қой шаруашылығы бригадасының бригадирі болып қызмет атқарған.

1996-2000 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының «Шағырай» ЖШС басшысы. 2003-2006 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Бидайық ауылдық округінің әкімі. 2006-2010 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Аягөз қаласының әкімі.

Әр жылдары ШҚО Аягөз қаласы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының хатшысы, Абай облысы «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы қызметтерін атқарды. 2024 жылғы сәуірден бастап 13.06.2024 дейін «Абай облысының дін істер басқармасы» ММ басшысының м.а. болып жұмыс істеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив