Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Сенаторлар Жоғары Сот Кеңесінің пен Жоғарғы Сот басшылығымен сот жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады

19-06-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Жоғары Сот Кеңесінің және Жоғарғы Соттың басшылығымен кездесті. Онда судьялар корпусының сапалық құрамын жақсарту, кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру жөніндегі шараларды талқыланды.

Сенат комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров өз сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында сот жүйесін реформалауды жалғастыру туралы тапсырма бергенін және оның басты мақсаты құқық үстемдігі мен сот төрелігінің сапасын қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«2023 жылғы наурызда еліміз Президентінің сот жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған заңдар қабылданды. Атап айтқанда, аудандық соттардың төрағаларын сайлауға судьялардың өзін-өзі басқару органдарының элементтерін енгізуге бағытталған нормалар қабылданды, ол бойынша облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы және одан кейін Жоғары Сот Кеңесінің ұсынысы бойынша еліміз Президентінің Жарлығымен тағайындалды. Жоғары Сот Кеңесінің рөлін күшейту үшін оған Жоғарғы Соттың кейбір функциялары берілді: ол судьялыққа кандидаттарды даярлау, біліктілігін арттыру, олардың өкілеттіктерін тоқтата тұру және тоқтату мәселелері. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібін реттейтін нормалар елеулі өзгеріске ұшырады», - деп атап өтті депутат.  

Сенатор сөзін қорытындылай келіп, заңдарды қабылдаудың негізгі мақсаты – сот жүйесін жетілдіру, судьялардың тәуелсіздігін, Жоғары Сот Кеңесінің рөлі мен мәртебесін нығайту, оны сот төрелігі академиясына беру екенін атап өтті.

Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп те сөз алды. Ол депутаттарға Парламент 2023 жылғы наурызда қабылдаған сот жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі заңнамадағы жаңалықтар аясындағы Жоғары Сот Кеңесінің қызметі туралы хабардар етті.

Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров шарада сөз сөйледі және ол парламентшілерге 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап аудандық соттардың төрағалары облыстық соттардың кеңейтілген жалпы отырыстарында жасырын дауыс беру арқылы сайланатынын, бұл судьяларды тағайындаудағы демократия қағидаларын күшейтетінін айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив