Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қабанбай батыр мен Шәкәрім даңғылдарының қиылысы абаттандырылады

20-06-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл туралы бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді. Қаламыздың ең басты даңғылдарының бірі саналатын Шәкәрім және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында қоғамдық кеңістік пайда болады.

Бүгін қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов мердігерлік ұйым өкілдерімен аталған аумаққа барып, қоғамдық кеңістікті абаттандыру мәселелерін талқылады. Қала әкімі қоғамдық кеңістікті жайластыру кезінде ағаштарды шабуға болмайтындығын, тоғайларға арнайы қырқу жұмыстары жүргізу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, қиылыста орналасқан үйлердің қасбеттерін сырлауды, темір конструкцияларды демонтаждауды тапсырды.

Жұмыс тобы №1емхана алдындағы алаңға барды. Аталған аумақта дәрігерлер саябағы абаттандырылуда. Мердігерлік ұйым жұмысқа толығымен кірісті. Скверда тематикалық шағын архитектуралық нысандар, орындықтар, жарықтандырулар, қоқыс жәшіктерін орнату жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив