Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Жарма ауданында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы басталды

4-07-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Жарма,Қапанбұлақ, Қаратөбе, Белтерек, Жарық, Сұлусары, Ұзынжал, Салқынтөбе ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттер салуға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Мердігер «Алау» ЖШС мемлекеттік сатып алу жұмыстарын аяқтап, құрылыс жұмыстарын бастап кетті.

Жобалардың мақсаты – барлық ауылдық елді мекендерді алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру.

Бүгінгі таңда Жарма ауданы бойынша орталық аудандық аурухана, қалалық аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 21 медициналық пункт және «Азат» жеке дәрігерлік амбулаториясы жұмыс жасайды. Тұрғындарға 91 дәрігер мен 334 медицина қызметкері қызмет көрсетеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив