Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
439.37 498.6 5.22

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың жаңа әдісі таныстырылды

3-03-2023, 16:37 Думан Кенжеғазыұлы

Халықаралық тәжірибені зерделеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың ең тиімді құралдарының бірі “ODARA” әдістемесі бойынша қайталанатын құқық бұзушылықтарды жасау қаупін бағалау және агрессорларға көмек көрсету орталықтарында түзеу бағдарламасының курсын өту екенін көрсетті.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бұл әдіс алғаш рет ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың, ҚР Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаеваның, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың, ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдарәлінің, ҚР бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиевтің қатысуымен өткен “Әріптестік – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы” атты форумда тыңдалды. Ол жерде Германия тәжірибесі жан-жақты қолдау тауып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың тиімді құралы ретінде бағаланды.

– Осы форумда агрессорлармен жұмыс істеудің бұл әдісін бірқатар қалаларда, соның ішінде Алматыда енгізу туралы шешім қабылданды. Ол бірінші наурызда пилоттық режимде басталды. Бүгін біз отбасылық зорлық-зомбылық қаупін бағалау бойынша ведомствоаралық топ құру мақсатында дөңгелек үстел өткіздік. Мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор қосылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың жаңа әдістемесінен оң нәтиже күтеміз, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив