Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Абай облысындағы жылу желілерін қайта жаңғырту мен құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда

15-07-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков Семей қаласындағы бірқатар нысандарды аралап көрді.

Соның ішінде М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждегі концерт залы мен су желілерінің құрылысы, жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары зағиптар ауданындағы су желілерінің құрылысы, «Орталық» жылу қазандығынан тарайтын магистральдық желілерді, сондай-ақ бірнеше елді мекендегі жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көзімен көрді.

Димитрий Гариковтың назарынан «Мәңгілік Ел» көшесіндегі абаттандыру, «Спартак» стадионындағы құрылыс, Бейбітшілік аралындағы балалар темір жолының құрылысы тыс қалған жоқ.

Қалаішілік жұмыс сапарының қорытындысында мердігерлерге жұмыстарды уақытында және сапалы аяқтауға тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив