Аягөз ауданында медициналық нысандардың құрылысы жүргізілуде
Аягөз ауданында жаңа медициналық нысандардың құрылысы жалғасуда. Солардың бірі – Ақши ауылдық округіндегі амбулатория. Жұмыс 2024 жылдың маусым айында басталды, мердігер – «Уральскстройинвест» ЖШС.
Қазірде іргетас пен қабырғаларды қалау жұмыстары аяқталуға жақын. Құрылыс 2024 жылдың 30 қыркүйегіне дейін толық аяқталады деп күтілуде.
Сонымен қатар, Байқошқар ауылдық округінде медициналық пункттің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамырында басталған. Мердігер – «Сonstruction Group Samruk» ЖШС. Жұмыстарды 2024 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарлануда.
Айта кетейік, облыста 2025 жылға дейін 65 нысан 15 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік пункт, 40 медициналық пункт салу көзделген. Бұл шаралар медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға және медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайларын жақсартуға бағытталған.