Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
536.76 630.85 6.45

Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

31-07-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Әлихан Бөкейхан атындағы университетте бір жағынан «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесі атынан вице-президент Курманбаева Жаныл Асылхановна, екінші жағынан «Абай облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Исабаева Зәуреш Рамазанқызы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – құқықтық және ақпараттық қызмет саласындағы ынтымақтастықты нығайту және дамыту.

Меморандум «Абай облысының кәсіподақтар» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Заң клиникасы жанындағы «Татуласу орталығының» жұмысын ұйымдастыру, «Татуласу орталығында» қызмет көрсететін тұлғаларды оқытуда өзара іс-қимылды қарастырады.

Тараптар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану және одан әрі дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар түріндегі кездесулерді ұйымдастыруға және өткізуге; облыс тұрғындарына тегін заңгерлік (кеңес беру) қызметтерін көрсету үшін университеттің соңғы курс студенттерін волонтер ретінде тартуға; Абай облысының кәсіподақтар орталығы базасында университет студенттеріне тәжірибе өтуді ұйымдастыруға; қоғамдағы жанжалдарды азайтуға; азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жобаларға қатысуға; Тараптардың құзыреті шегінде ынтымақтастықтың басқа да нысандарын жүзеге асыруға келісті.

Бұл Меморандум ынтымақтастықтың бірқатар перспективалық бағыттарын дамытуға және университет пен Абай облысының кәсіподақтар орталығы арасында серіктестік қарым-қатынас орнатуға жақсы негіз болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив