Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Абай облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес отырысы өтті

7-08-2024, 12:00 Сабина Әлібек

Отырысты Абай облысы әкімінің орынбасары, облыс әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес төрағасы Жасұлан Сәрсебаев төрағалық етті. 

Шараға облыстық мәдениет және білім басқармаларының басшылары, ҮЕҰ мүшелері, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары мен бөлім басшылары онлайн форматта қосылды. 

Аягөз ауданы мен Семей, Курчатов қалалары ҮЕҰ-дың 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді. Оларға жергілікті жерде  үкіметтік емес ұйымдармен өзара тиімді байланыс орнату, оларға тиісті әдістемелік қолдау көрсету бойынша ұсыныстар берілді.

Отырыста мәселелерді қарау қорытындысымен ұсыныстар енгізіліп, алқалы түрде тиісті шешімдер қабылданып, тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив