Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Әскери-техникалық мектептердің жұмыстары мен қызметтерінің бағаларын бекіту туралы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы әзірленді

12-08-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс ведомствосында «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмысқа, көрсетілетін қызметтерге) бағалар бекіту туралы» бұйрықтың жобасы әзірленді.  

Құжатты «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 15-бабы 13) тармақшасына сәйкес ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстар департаменті дайындады. Жобаны іске асыру азаматтарды әскери-оқытылған резервті даярлау бағдарламалары бойынша өтеулі негізде ӘТМ филиалдарында әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша оқыту құнын бекітуге мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 23 тамызына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15164695

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив