Кандидат Асхат Чакенов Семей қаласының №27 ЖББОМ ұжымымен кездесті
№2 сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Асхат Чакенов Семей қаласының №27 жалпы білім беретін орта мектеп ұжымымен кездесті.
Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында өңірді цифрландыру мен білім сапасын арттыруды көздейді. Оның қатарында:
- 2025 жылға қарай Абай саласындағы мемлекеттік қызметтердің 95%-ы электрондық форматта ұсынуға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- Интернет пен ұялы байланыстың қолжетімділігі, сапасы туралы мәселені түбегейлі шешу;
- Барлық салаларда мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына, бюджет қаражатының сапалы орындалуына, тиімді игерілуіне қоғамдық бақылауды күшейту;
- Өңірдегі техникалық хабтардың жұмысын жетілдіру және жасанды интеллект жүйелерінің мүмкіндіктерін енгізу бойынша ұсыныстар енгізуді бастау;
- Отандық, халықаралық деңгейдегі цифрлық орталықтармен және ұйымдармен ынтымақтастық;
- Өңір халқының цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша техникалық кластерлер арқылы тегін курстар ұйымдастыру;
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.