Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
522.49 601.07 6.47

Бесқарағай ауданында медициналық нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

15-08-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Бесқарағай ауданында емдеу мекемелерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, 11 ғимарат салынуда, оның ішінде 6 дәрігерлік пункт, 4 дәрігерлік амбулатория және 1 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Қолданыстағы медициналық мекемелер де күрделі жөндеуден өтуде.

Жұмыс барысын бақылау үшін аудан әкімі Талғат Мұратов Глуховка, Канонерка және Ерназар ауылдық округтерінде болды. Сапар барысында аудан басшысы нысандарға жауапты мердігерлерге тиісті тапсырмалар берді.

Абай облысында 2023-2024 жылдарға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 65 жаңа алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанының құрылысы жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив