Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

ҚМДБ төрағасы Аягөз ауданының жұртымен жүздесті

17-08-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы Аягөз ауданына арнайы келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ең алдымен жергілікті жұртшылықпен жүздесіп, дидарласты. “Дін мен дәстүр тағылымы” тақырыбында өткен кездесуге аудан әкімі Қанат Серікқанұлы, ақсақалдар, студенттер қатысты.

Бас мүфти ең алдымен 2000-жылдары алғаш Аягөзде қызмет еткен жылдарына тоқталып, сол кезеңдегі көмек қолын созған, мешіт салудағы алғашқы қадам, Аягөз жұртының ауызбіршілігіне тоқталып риясыз ризашылығын жеткізді.

“Қадірлі ел ағалары, жиналған жұртшылық! Өздеріңізбен Аягөздей аяулы мекенде, ыстық ортада жүздескеніме қуаныштымын. Өйткені Аягөзде білесіздер жұмыс істеп, осы ауданда дінге қызмет еттік. Көптеген жүзі таныс кісілерді көріп отырмын. Барлықтарыңызға Алланың амандығы болсын.

Осы өлкеден шыққан даңқты Дулат Бабатайұлы бабамыз:

«...Аягөз, сенің бойыңда,
Несібе, ырыс тегіс қой,
Сай-салаң толған жеміс қой.
Қырың – малдың кіндігі,
Ойың – өнім егіс қой деп жырлаған бұл Аягөз бәрімізге ыстық.

Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі Исламды дәріптеу, оның ғылыми-теориялық негізін дамыту мәселесі мемлекеттік деңгейде көтеріліп келе жатқанын жақсы білесіздер. Осындай мәселелер мен бастамаларды ескере келе, діни қызмет аясында 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Бұл бастама дәстүрлі дінімізді, ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келген діни жолымызды, төл мәзһабымызды, ұлттық құндылықтарымызбен қазақы болмысымызды дәріптеуге серпін береді деп сенемін. Ең бастысы жастарымыз жат ағымнан алыс, дәстүрлі дініміздің аясында болсын деген тілегіміз бар деп аяқтады сөзін Бас мүфти.

Кездесуге келген жұртшылық жылы естеліктерін арнап, Бас мүфтиге құрмет көрсетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив