Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Бородулиха ауданында көшелер жарықтандырылуда

21-08-2024, 12:17 018.kz

Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында көшелер жарықтандырылуда.

Қолға алынған жоба көшелерді жарықтандырып қана қоймай, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп отыр.

Жоба «Коростелевское» ЖШС басшысы Ерлан Ертаевтың қолдауымен жүзеге асырылуда. Әлеуметтік жобалар бойынша республикалық «Парыз» байқауының лауреаты атанған бұл кәсіпорын көше бағаналарын орнату, кабель сатып алу және монтаждауды өз мойнына алды.

Жарықтандыру жалпы ұзындығы 3250 метр болатын төрт көшені қамтиды. Бүгінде жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив