Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Үржар ауданында «Ауыл – Ел бесігі» сәтті орындалуда

22-08-2024, 10:54 Сәтжан Қасымжанұлы

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға және ауылдарды дамытуға бағытталған «Ауыл – Ел бесігі» жобасы осы ауданда жыл сайын жүзеге асырылады. 

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 15 жоба іске асыру қолға алынды. Соның ішінде Үржар ауылында жалпы ұзындығы  9,7 шақырым ауылішілік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Аудан бойынша 9 елді мекенде (Үржар, Ақжар,Көлденең, Бестерек, Жаңа тілек, Көкөзек, Айтбай, Қарақол, Жанай) жалпы жиыны 58,5 шақырым болатын көшелерді жарықтандыру  жұмыстарын  жүргізу жоспарланған. Соның ішінде Үржар және Көлденең ауылдарындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары аяқталғаны қуантады.

Сонымен қатар,  жоба аясында  құрылысы 2023 жылы басталған келесі инвестициялық жобалардың, атап айтқанда Таскескен ауылындағы спорт модулі,  Үржар ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған жеке тұрғын үй құрылысы үшін 35/10 кВт қосалқы станцияның,   Жоғарғы Егінсу ауылындағы 100 орындық ауылдық клубының, Ақжар ауылындағы балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қолданыстағы 2 қабатты ғимаратына 2 қабатты қосымша құрылысы  және  Үржар ауылында 10 төсектік күндізгі стационармен 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары атқарылуда.

Жалпы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы ауыл тұрғындарының әлеуметтік қажеттіліктерін орындауға, жалпы алғанда қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыруға бағытталғандықтан жобаның маңызы айрықша деуге әбден болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив