Халқымның мәселесін шешуге дайынмын - Дәурен Нұралинов
Танымал палуан, қазақ күресінен спорт шебері Дәурен Нұралинов алдағы сайлауда өзінің кандидатурасын ұсынғанын мәлімдеді.
«Иә, мен спортшымын. Сонымен бірге Сіздер сияқты қарапайым қала тұрғынымын. Қаланың күнделікті шешілмей жатқан мәселелері бар екенін көріп жүрмін. Сондықтан мен қалалық мәслихат депутаттығына өз кандидатурамды ұсынуға бел будым. Мұндай шешімге мен көп ойланғаннан кейін келдім. Жұбайым екеуміз Қарағайлы шағын ауданында тұрамыз. Бұл жаңа аудан болса да, шешуді қажет ететін мәселелер баршылық. Күн сайын мен сіздер сияқты тазаланбаған, тайғақ жолдарда жүремін, автобустарға толы, ұзын-сонар кезектерге тап боламын... Ауданымызда өзіміздің емханамыз әлдеқашан ашылған, бірақ кішкентай балалары бар аналардың, мүгедектердің және зейнеткерлердің дәрігердің қабылдауына басқа емханаларға баратынын көремін, себебі ауруханада күнделікті отыратын дәрігерлер жоқ. Біздің ауданда көп балалы отбасылар көп тұрса да, жалпы білім беретін мектеп жоқ! Бізде бір ғана супермаркет жұмыс істеп тұр! Ал жазда, аналар күндіз балалармен серуендейін десе, бір де бір көлеңке жоқ. Мәселені шешу оңай болып көрінеді. Бірақ адамдар мұның бәрі қашан түзетілетінін күтуден шаршады. Достар! Мен өз кандидатурамды №13 бір мандатты сайлау округі бойынша ұсынамын. Бұл Қарағайлы, Энергетик шағын аудандары және 343 квартал. Мен қала тұрғындарын мазалайтын көптеген сұрақтар бар екенін білемін. Жалпы Семейде көптеген проблемалар бар. Болашақта мен осы мәселелердің барлығын зерттеп, оларды шешуге көмектесуге дайынмын»,- деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына.
Айта кетейік, Нұралинов Дәурен Болатұлы дзюдодан және қазақ күресінен спорт шебері, дзюдодан Қазақстан чемпионы, «Халық Барысы» турнирінің жеңімпазы, 2021 жылы «Қазақстан Барысы» атағының иегері, Халықаралық спорттық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, Қазақстан чемпионаттарының жеңімпазы. 6 жыл бойы дзюдо және күрес бойынша ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі болды.
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.
Тағыда оқыңыз
Шәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Үкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыПартиялық тізімдерді тіркеудің, жеребе тартудың, шетелдік байқаушыларды аккредиттеудің және сайлау алдындағы үгіттің қорытындылары туралы«Табысты Отбасы» жобасының екінші ағымына қатысушылар республикасының төрт облысында сертификаттар алдыСамат Смақов: Елімайдың өзіндік стилі болады