Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында 2024 жылы бірнеше саладағы жаңа нысандар пайда болады

29-08-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Құрылыстың жалпы құны-95 млрд теңгені құрайды. Олардың ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларының объектілері бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте  Абай облысы  құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шыңғыс Риаханов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, өңірімізде 67 денсаулық сақтау нысандарын салу жоспарлануда. Олардың жалпы құны-22,5 млрд теңгені құрамақ. 

- Биылғы жылы 66 нысанның құрылысы басталды. Олардың ішінде, «ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 64 алғашқы медициналық - санитарлық көмек нысаны,   Аягөз ауданының аудандық ауруханасына арналған реанимациялық бөлімшенің қосымша құрылысын салу және Мақаншы ауылында аяқталмаған  дәрігерлік амбулаторияға қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, - деп атап өтті Шыңғыс Риаханов.

Ағымдағы жылы білім беру саласындағы құрылысқа ерекше назар аударылуда. Осыған байланысты өңірде 16 нысан салу жоспарлануда. Бұл ретте, олардың 7-і өткен жылдан ауыспалы болып табылады.

 - «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында жалпы құны 20,5 млрд теңгені құрайтын 3000 орындық 5 мектеп салынуда. Олар 2024 жылы пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, қыркүйек айында Водный кентінде және Қарағайлы шағын ауданындағы мектептердің құрылыс жұмыстары аяқталады. Желтоқсан айында Ақсуат және Бесқарағай аудандарында және Аягөздегі мектептер  тапсырылатын,- деп қорытындылады Шыңғыс Риаханов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив