Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Тамара Дүйсенова Павлодар облысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты

1-09-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова 1200 орындық жайлы мектептің құрылысы барысымен танысты. «Достық» шағын ауданындағы мектепті осы жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарлануда, ол заманауи жабдықтармен жабдықталатын болады. Облыста оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселесін шешуге ықпал ететін 5 жайлы мектеп салу жоспарлануда. Бүгінде облыста 7 үш ауысымды мектеп жұмыс істейді, 6 мыңнан астам орынға қажеттілік бар.

Павлодар ауданының Заңғар ауылында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында фельдшерлік-акушерлік пункті салынып жатыр. Нысан Заңғар және Коряковка ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Жалпы облыста ұлттық жоба аясында 30 денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр.

«Әлеуметтік нысандар ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділігін жақсартады. Құрылыс қарқынын жылдамдату қажет. Десе де жүргізілетін жұмыстардың сапасын назардан тыс қалдыруға болмайды. Барлық нысандар осы жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Облыс әкімдігі бұл мәселені бақылауда ұстауы қажет», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Жұмыс сапары аясында вице-премьер ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысымен де танысты. Атап айтқанда, осы бағдарлама арқылы Успен ауданының Успен ауылындағы мал бордақылау цехі жаңғыртылды. Жобаны іске асыру үшін «Аубакиров и К» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі (АӨК) құрылып, 16,5 млн теңге сомасына несие алынды. Бұл қаражатқа тоңазытқыш жабдықтары, электронды таразылар сатып алынды және цех жөнделіп, дүкен салынды.

«4 жұмыс орны құрылды. Ірі қара малдарды сою барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі. Біздің қызметтеріміз халық арасында сұранысқа ие. Барлық ауылдастарымды бағдарламаға белсенді қатысуға шақырамын», — деп атап өтті АӨК мүшесі Гүлмира Әубәкірова.

Ерзада Тұрсынбек былтыр кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша 4,9 млн теңге көлемінде грант алған. Бұл қаражатқа ол төрт білдек, аяқ киім қалыптарын сатып алып, шеберхана және өнімдерді сатуға арналған дүкен жабдықтады. Оның ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған аяқ киімдері сұранысқа ие.

«Аяқ киімдерді Алматы облысының саудагерлері көтерме бағада сатып алады, сондай-ақ жергілікті тұрғындар да алады. Етік тігетін былғарыны Шымкент зауытынан, ал жылылауға арналған жүнді жергілікті нарықтан аламын. Өндірісімді кеңейтіп, жұмысшылар алғым келеді. Қазір «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу үшін құжат жинап жатырмын», — деді Ерзада Тұрсынбек.

Халықтың табысын арттыруға бағытталған бағдарламаға қатысу үшін құжаттарды тапсыру процесі айтарлықтай жеңілдетілген. Қазір «Павлодар» ӘКК базасында ақпараттық жүйе тестілеуден өткізіліп жатыр. Бұл ниет білдірушілерге үйден шықпай-ақ өтініш беруге, сондай-ақ нақты уақыт режимінде жеке кабинет арқылы берілген өтініштің қарастырылу процесін қадағалауға мүмкіндік береді. «Ауыл аманаты» бағдарламасының қатысушыларымен кездесу барысында Тамара Дүйсенова өндірістен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге көшудің маңыздылығын атап өтті.

Вице-премьердің жұмыс сапары аясында облыстың аудандары мен ауылдық округтері әкімдерінің қатысуымен жиналыс ұйымдастырылды. Әкімдердің жұмысы отбасылардың әл-ауқатының деңгейі бойынша бағаланады. Ол үшін отбасының цифрлық картасынан алынған деректер пайдаланылады.

Жиналыс барысында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша бірқатар шаралар ұсынылды. «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев банктердің алдында 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтармен жұмыс жөніндегі жобаны ұсынды. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында өз ісін ашуға көмек көрсету, оқыту және мамандардың сүйемелдеуі қарастырылған. Ал банктер қарызды қайта құрылымдауды жүзеге асырады. Пилоттық режимде жүзеге асыру шеңберінде Жамбыл облысында агроқұзыреттілік орталығы ұйымдастырылды. Онда ниет білдірушілерге теориялық және тәжірибелік білім беру көзделген. Мұндай шараларды Павлодар өңірінде де енгізу ұсынылды. 

«Азаматтарды жұмысқа орналастыруды қолдауға, халықтың табысын арттыруға бағытталған көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар. Көп жағдайда ауыл тұрғындары оларды біле бермейді. Бұл ауыл әкімдерінің жұмысының көрсеткіші. Олар халықпен тығыз жұмыс жасап, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірулері керек», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив