Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Attar шиналарын бастапқы комплектацияға жеткізу басталды

20-09-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанның Саран қаласындағы шина зауыты бастапқы комплектацияны жөнелтуге кірісті. 2024 жылғы 16 қыркүйекте Attar шиналарының 900 дана алғашқы партиясы Қостанайдағы Allur автомобиль зауытына жөнелтілді. 205/55 R 16 үлгісіндегі Attar S01 моделімен жазғы шиналар енді қазақстандық өндірістегі автомобильдерге орнатылатын болады.

Сонымен қоса, Attar шиналары жоғары стандарттары бар зауыттың жеткізіп берушісі болуы үшін қажетті омолагациядан өтіп, олар шина зауытындағы процестер сапасын мен жоғары сапасын айқындады. Зауытта өндірілетін өнімдердің сапасын бақылау 200%-ға жүзеге асырылды – өндірілетін әрбір шина міндетті визуалды және автоматты бақылаудан өтеді. Сапа бақылауынан өтпеген өнім бүйір қабырғасын кесу арқылы кәдеге жаратуға жіберіледі, яғни оның сатуға түсуіне мүмкіндік берілмейді.  

«16 қыркүйектен бастап зауыттың өнімдері Қазақстанның автомобиль зауыттарына бастапқы комплектация үшін жеткізіле бастады. Бұл Attar шиналарының жоғары өнімділігін және олардың танылуын көрсететін маңызды оқиға. Мұндай қадам өнімнің сапасына деген сенімділікті көрсетеді және және өндірісті дамытуда зауыт үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады. Бастапқы комплектацияға жеткізуі Қазақстан автоөнеркәсібінің импортқа тәуелділігін азайтады және өндірісті ауқымды етуге мүмкіндік береді», – деді бас директор Радий Бурганов.

Анықтама:

Саран қаласындағы шина зауыты – «Аллюр» тобы мен «Татнефть» тобының бірлескен өндірісі. Саран қаласындағы Шина зауытының өндірістік қуаты 3 миллион жеңіл шина және 500 мың жүк шинасын Биылғы жылдың соңына қарай персонал санын 1100 адамға дейін ұлғайтуы жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жаңа қызметкерлерді жалдаудың белсенді процесі жүріп жатыр.

2024 жылдың маусымында зауыт Attar брендімен жеңіл автомобильдерге арналған шиналардың сериялық өндірісін бастады. Бұл өнімдер Қазақстан нарығы мен Ресейге және басқа елдерге экспорттауға арналған. 15 шілдеде шиналарды Қазақстанның дилерлік орталықтарына алғашқы жергілікті жөнелтуі өтті, ал 17 шілдеде шиналарды Ресейге экспортқа алғашқы жөнелтуі жүргізілді.

Саран қаласындағы шина зауыты «Татнефть» тобының «Шина бизнесі» атты бизнес бағытының бөлігі болып табылады. Бизнес-бағыт тағы екі өндірістік алаңды қамтиды: Всеволожск қаласындағы Ikon Tyres шина зауыты (Ресей) және Ангрен қаласындағы Birinchi Rezinotehnika Zavodi резеңке зауыты (Өзбекстан). Барлық үш зауытта шина индустриясындағы үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келетін өндіріс пен өнім сапасының бірыңғай стандарттары енгізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив