Семейде Зағип және нашар көретін азаматтарына арналған арнайы кітапхана ғимаратының құрылысы жүргізілуде
Кітапхана құрылысы "Кемелді қадам" қоғамдық қоры арқылы жүзеге асуда. "Кемелді қадам" қоғамдық қоры қала әкімдігімен бірлесе ынтымақтастық туралы меморандумның негізінде "Абай облысының кітапханаларын заманауи стандарттарға дейін жаңғырту" жобасы аясында 2024 жылдың соңына дейін Семей қаласының Зағип және нашар көретін азаматтарына арналған арнайы кітапхана ғимаратының құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл осындай форматтағы Семей қаласындағы алғашқы мәдени мекеме болады.
Бүгінгі күні ғимараттың қабырғалары тұрғызылды, шатырды монтаждау, ішкі жұмыстарды жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов аталған құрылыс алаңына барып, әкімдіктің бөлім басшыларына іргелес аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Қазіргі заманғы кітапханалардың халықтың көз алдында тартымдылығы көбінесе оның материалдық-техникалық базасының жағдайына, коворкингке арналған заманауи аймақтарға және қазіргі пайдаланушының өсіп келе жатқан сұраныстарына жауап беретін атмосфераға байланысты.
Сондықтан бұл жобаның басты міндеті білім беру қызметінің заманауи интерактивті және коммуникативті түрлерін құру арқылы келушілердің зияткерлік бос уақытқа деген қызығушылығын қайтару болып табылады.