Асхат Смаилов Абай облысының қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды
Асхат Сайдахметович Смаилов 1968 жылы 1 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл-Кесік ауылында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша бітіріп, «Экономист» біліктілігін алды.
Еңбек жолын 1991 жылдан бастап Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің кірістердің түсуіне болжау және экономикалық талдау бойынша аға экономисті ретінде бастады. 1994-1997 жылдары Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің салықтарды болжау бөлімінің меңгерушісі, қаржы бөлімінің меңгерушісі.
1997-2002 жылдары Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2002-2005 жылдары Тарбағатай аудандық экономика бөлімінің бастығы. 2005-2007 жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары.
2007-2009 жылдары Тарбағатай аудандық қаржы бөлімінің, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, Көкжыра ауылының әкімі. 2009-2010 жылдары Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы. 2010-2018 жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары. 2018-2020 жылдары Көкпекті ауданының әкімі. 2020-2022 жылдары Тарбағатай ауданының әкімі.
2022-2024 жылдары Абай облысының Ақсуат ауданының әкімі. 2024 жылдың 21 тамызынан бастап «Абай облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.