Жастар еліміздің қозғаушы күші - Алиби Абдураимов
№9 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Алиби Абдураимов жастарға қолдау көрсететінін айтты.
Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында қоғамдағы белсенділікті арттыру бойынша бірқатар міндеттерді атап көрсетті.
• Округ тұрғындарының өмірін жақсарту үшін ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің, жергілікті мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен белсенді жұмыс жүргізіп, патриотизмді нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға белсене араласуына жағдай жасау;
• Аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар жандарға, соғыс және еңбек ардагерлері мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне әлеуметтік көмек көрсетуге белсене қатысу;
• Қалалық мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссия отырыстарында округ тұрғындарының мүдделерін қорғап, мәселелерін шешу;
• Балалар мен жасөспірімдерге арналған клубтар мен спорт нысандары қол жетімді болуына атсалысу;
• Өзіне тиесілі округтағы барлық жастарға қолдау көрсету.
Үгіт материалын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.